logo
  • Если работа приносит только деньги, значит нас купили.!

Франция жағалауынан Екінші Рейхтың сүңгуір қайығы табылды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Францияның солтүстігіндегі Виссан қаласының маңында Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің сүңгуір қайығының сынықтары табылды, деп жазады Voix du Nord газеті.

Басылымның деректеріне қарағанда, субмаринді судың қайтуы кезінде тапқан. Тарихшылардың айтуынша, сүңгуір қайық 1917 жылдың 25-ші шілдесінен 26-сына қараған түні таяз суда қайырлап қалған.

«Оған тапсырылған міндет - мина тасу және көзделген жерге қою. Сол себепті бұл сүңгуір қайық жағалауға тым жақын келген»,- дейді жергілікті гид Винсент Шмитт.

Экипаждың 25 мүшесі эвакуацияланып, жау қолына түспесі үшін субмаринді жарып жібергені атап өтіледі. Бірақ неміс теңізшілері көп ұзамай сол маңда қолға түскен.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/franciya-zhagalauynan-ekinshi-reyhtyn-sunguir-kayygy-tabyldy_a3487492”

Кто весь день работает, тому некогда зарабатывать деньги.

Кто весь день работает, тому некогда зарабатывать деньги.